Биыл Алматы тауларында қанша адам құтқарылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Биыл Алматы тауларында қанша адам құтқарылғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Биыл Алматы тауларында қанша адам құтқарылғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қанша құтқару жасағы бар?

Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Дмитрий Ярцевтің айтуынша, Алматыда екі негізгі құтқару жасағы - Республикалық жедел-құтқару жасағы (РЖҚЖ) және құтқару қызметі жұмыс істейді. Олардың жалпы құрамы 308 адамнан және 447 техникадан тұрады, оның ішінде үш тікұшақ бар.

"Күн сайын 7 техника және 6 қызметтік иті бар РЖҚЖ-ның 42 қызметкері, 5 техникасы және 13 иті бар 14 құтқару қызметінің қызметкерлері кезекшілікке шығады", - деді ведомство өкілі.

Биыл қанша адам құтқарылды?

Құтқарушылар төтенше жағдайларда жедел әрекет ету үшін құтқару қызметінде 4 мотовездеход, 2 қарда жүретін көлік және басқа да техника бар екенін айтты.

"2024 жылдың алғашқы тоғыз айында 210 іздеу-құтқару операциясы жүргізілді, оның 208-і тауда. Нәтижесінде 396 адам, оның ішінде 59 бала құтқарылды", - деді құтқару қызметінің өкілі Хозы Бүркітбайхан.

Айта кетейік, таулы аумақтардың шалғай учаскелерінде қауіпсіздікті арттыру үшін 2021 жылғы қарашада 18 тау саятшылығы орнатылды: онда алғашқы медициналық көмек қобдишалары, зарядтау станциялары, жылы көрпелер және азық-түлік жиынтықтары бар.

Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында қосымша бақылау-құтқару пункттері жұмыс істейді, ал 2025 жылы Бутаковка шатқалында тағы бір пункт орнату жоспарланып отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel