Менің елім 04 маусым 2024 10:15

"Биіктігі - 3680 метр": қазақстандық Үлкен Алматы шыңында түсірген видеосын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қазақстандық Үлкен Алматы шыңына шығып, ерекше көріністі көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Қазақстандық Үлкен Алматы шыңына шығып, ерекше көріністі көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

29 жастағы Сұлтан Жүнісбай өткен демалыс күндері тауға шыққан. Ол 3680 метр биіктен әдемі кадрлар түсіріп, оны TikTok-парақшасында жариялады.

"Үлкен Алматы шыңы", - деп жазылған видео сипаттамасында.

@zh.sultan Большой Алматинский пик #бап #алматы #казахстан #горы ♬ suono originale - ℒ𝓊𝒸𝓇ℯ𝓏𝒾𝒶✈

Бейнежазба астында қазірдің өзінде пікір қалдырған қолданушылар қатары көп. Олар ерекше көрініске тамсанғанын жазған.

"Дүрбі болса, шіркін", "Үйлер қандай кішкентай", "Онда бір күнде барып, қайтып келсе бола ма?" - деп жазды пікір қалдарғандар.

Тілшімен шағын әңгіме құрған Сұлтан Алматыда заңгер болып жұмыс істейтінін айтты. Бос уақытында достарымен тауға шыққанды ұнатады.

"Мен 10 жылдай уақыт бойы тауға шығамын. Iphone 15 pro max және Дрон (dji mini 4 pro) арқылы түсіремін", - деді ол.

Олар бір күнде туға шығып, қайта төмен түскен. Дегенмен, барлығы дайындалып шыққанын айтты.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!