Бибігүл Төлегенованы әуекомпания қызметкерлері ұшаққа жібермеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованы әуекомпания қызметкерлері ұшаққа жібермеген. Денсаулығына байланысты арбада отырған әртісті қызы борттағы орнына алып кірмек болған. Бұл туралы отбасының досы Ольга Савельева хабарлады. Оның айтуынша, танымал қазақстандық әуекомпания қызметкері халық әртісіне дөрекілік көрсеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованы әуекомпания қызметкерлері ұшаққа жібермеген. Денсаулығына байланысты арбада отырған әртісті қызы борттағы орнына алып кірмек болған. Бұл туралы отбасының досы Ольга Савельева хабарлады. Оның айтуынша, танымал қазақстандық әуекомпания қызметкері халық әртісіне дөрекілік көрсеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ольга Савельева Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялап, тыңдармандардың назарын аударды. Ол Air Astana әуекомпаниясының басшысы Питер Фостердің атына жазған хатын жариялады.

"3 қыркүйекте сағат 10:30-да Астанадан Алматыға ұшқан рейсте қоғамның қайда бара жатқаны туралы ойландыратын өрескел оқиға болды. Аты аңызға айналған әнші, КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова жолаушылардың ұшақ бортына өтуін бақылайтын Air Astana әуекомпаниясы қызметкері тарапынан дөрекілік пен құрметтемеушілікке тап болды. Қызы арбада отырған Бибігүл Ахметқызын ұшақ бортына апарғысы келгенде, қызметкер оларды тоқтатып, арбадағы жолаушылар бірінші болып келу керек немесе соңғы жолаушының өтуін күту керек екенін дөрекі түрде айтқан", – деп жазды ол өз жазбасында.

Савельеваның айтуынша, қызметкер "ережелер мәртебесіне, жасына және лауазымына қарамастан барлығына қатысты" екенін дөрекі түрде айтқан.

Жазбаға тасымалдаушы жауап қалдырған.

"Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ханымға құрмет көрсетіп, мынаны түсіндіргіміз келеді. Air Astana әуекомпаниясы үшін қауіпсіздік басымдық болып табылады. Халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, жылжымалы құралдар арқылы бортқа келетін жолаушылар ұшаққа отырғызу басталмас бұрын немесе соңында бортқа шақырылады. Бұл ереже барлық жолаушыларды отырғызу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар терминалдан эвакуациялау ережелеріне байланысты. Біздің ақпаратымыз бойынша, халық әртісі Бибігүл Төлегенова ханым және оның қызы ұшаққа отырғызу басталғаннан кейін келген, сондықтан әуекомпанияның агенті отырғызудың аяқталуын күтуді өтінді. Компания бұл түсініспеушіліктерге өкінеді және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында осы жағдай бойынша қосымша тексеру жүргізеді", – делінген компания хабарламасында.

Скриншот Facebook

Арман Шаққалиев осы жайтқа қатысты пікір білдірген Аида Балаевамен келісетінін айтты.

"Ортақ ереже деген түсінік бар. Егер тыйым салынатын нәрсе болса орындау керек. Рұқсат етілсе, оны да орындау керек. Бұл жағдайда (Бибігүл Төлегеноваға) орнына жетуде қиындықтар болған. Әуежай қызметкерлері бұл жағдайға ерекше қарауы керек еді. Әуежай қызметкерлері клиенттерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төнбеуін қадағалауы керек", - дейді Шаққалиев Сенат кулуарында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная