Жылдың дәл осы мезгілінде Каспий теңізінің сұлулығы ерекшелене түсіп, жергілікті тұрғындар мен туристердің көзайымына айналады. Көктеммен қоса табиғат ана оянады, сонымен қоса теңіздің асау толқындары жанданып, көздің жауын алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Ақтау тұрғындары теңіздің көктемгі толқуын видеоға түсіріп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олардың айтуынша, жылдың осы уақытында теңіз ерекше әдеміне түседі.
"Қазір теңіз толқып тұр. Дегенмен үлкен толқындар мен оның толассыз шуы қалаға өзіндік ерекшелік береді. Айтқандай, қазір бізде серфинг маусымы басталды. Толқынмен таласуға келетіндердің арасында тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік туристер де бар. Қазір өте әдемі кезең. Мұндай құбылыс көктем мен күзде болады. Теңіз баурап алады", - деді жергілікті тұрғын, блогер Азамат Сәрсенбаев.
Алайда, өзінің сұлулығына қарамастан, көктемде Каспий теңізі де қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпай, құтқару қызметтерінің ұсыныстарына құлақ асқан жөн.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!