Берлинге көшкен қазақстандық қыз "Аштық ойындары" фильміне түсті

Әлеуметтік желіде танымал "Аштық ойындары: жыландар мен құстар балладасы" фильмінің түсіріліміне қатысқан қазақстандық әйелдің видеосы тарады. Tengritravel.kz тілшісі қыздың өміріндегі қызықты эпизод туралы толығырақ білу үшін оған хабарласты.

21 жастағы Диана Рүстемова Берлинде тұрады, режиссер және дизайн мамандығын оқып жатыр. Ол өзінің TikTok аккаунтында сенсациялық жобаның түсіріліміне қатысу бақыты бұйырғанын айтып, видеосын жариялады.

"Мені массовкаға шақырды. Мен Капитолий студентінің рөлін ойнадым. Түсірілім екі аптаға жуық, күн сайын 12-13 сағатқа созылды. Бірақ түсіру алаңында кез келген сахна сыртындағы түсірілімге тыйым салынды. Бұл мүмкін емес еді. Сондықтан біз премьера күнін ғана күте аламыз", - деді бойжеткен видеосында.

Реклама
Реклама

Фильм экранға шыққаннан кейін Диана түсірілімге қатысқаны туралы айта бастайды. Достарымен бірге ол әйгілі дастанның жаңа бөлімін көру үшін кинотеатрға барды.

"Мен сол кездегі адреналиннің мөлшерін айтып жеткізе алмаймын. Біз өте ұзақ күттік, ақыры мен экранда өзімді көрдім. Мен таңғалдым. Экранда мұншалықты анық көрінемін деп күтпеген едім. Фильмде бір сәт болса да көру мен үшін де, сол күні қасымда болған достарым үшін де үлкен тәжірибе болды", - деп атап өтті Диана.

@collateralbeauty18 Instagram: @dilvna Привет, друзья! Хочу выразить благодарность за невероятный опыт съемок в новом приквеле "Голодные игры". Было удивительно быть частью этой кинематографической вселенной! 🎬 #ГолодныеИгры #голодныеигры2023 #голодныеигрыивспыхнетпламя ♬ original sound - dilun

Видеоның астына қазірдің өзінде үш жүзден астам пікір жазылды, әлеуметтік желі қолданушылары қыздың осындай қызықты жобаға қатыса алғанына қуанышты екенін айтады. Басқалары фильмде ойнауды армандайтынын атап өтеді.

Диана басылым тілшісіне берген сұхбатында түсірілім бір жыл бұрын болғанын айтты. Эпизодтар Берлинде түсірілген.

"Мен дастанның жанкүйері емеспін, мен тек фильмдерді көрдім. Сондықтан мен бұл ғалам туралы жаңа кітап шыққанын және жаңа бөлім болатынын білмедім. Сол себепті "Аштық ойындарында" ойнаймын деген "керемет" оймен бармадым. Жай осылай болды.

Мен суретімді жобаларға массовка жалдайтын сайттардың біріне жүктедім. Сәйкес келсеңіз, түсірілімге шақырады. Әдетте олар екі айда бір рет жазады. Маған "Аштық ойындары" фильмі түсіріледі деген шақыру келді, сынап көрейін деп шештім", - дейді ол.

Бойжеткен соңғы 24 сағат ішінде оның TikTok аккаунты "жарылғанын" атап өтті, видео бір күнде 150 мыңнан астам рет қаралған.

"Массовкадағы 300 адамның ішінде Қазақстаннан жалғыз мен болдым. Экранда өзімді көргенде мақтаныш сезімі кернеді. Ақыры, мен осындай үлкен оқиғаға қол жеткіздім. Актриса болу менің бала күнгі арманым еді. Сондықтан бұл жобаға қатысу кішкентай Диананың "гештальтын" жаптым. Бірақ қазір менің өмірдегі басты мақсатым жоқ, мен жаңа нәрселерді сынап көру, үнемі бірдеңе үйрену, процестен ләззат алуды таңдадым. Уақыт өте келе мен "мен кіммін және нені қалайтынымды" түсінетін шығармын", - деп түйіндеді Диана философиялық тұрғыдан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!