Белсенділер круиз кемесінде жалаңаштанып, қоғамның ашуын туғызды

Get Naked Australia ұйымы Аустралияда "нудистік круиз" ұйымдастырып, қоғамның наразылығын тудырды, - деп хабарлайды News.com.au.

Басылым мәліметінше, белсенділер тобы Сидней айлағында круиз кемесінде жалаңаштанған, олар бұл әрекетімен қоғамның бидипозитив қозғалысына назар аударғанын қалаған.

Get Naked Australia құрылтайшысы Брендан Джонс топтың сайтында осы қозғалыс бодишейминг және өзіне сенбеушлікпен күрес үшін ашылғанын айтқан.

"Мен адамдардың мұхитта жалаңаш шомылу қуанышын сезінбейтін әлемді қаламаймын, өйткені дене бітімінің келісті болмауы немесе "ұятқа қаламын" деп қорқатындар өте көп", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, келесі круиз 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланған, қазірдің өзінде 125 адам жазылған.

Ұйым мүшелері бұл шараны еркіндік актісі әрі көңіл көтеру деп атады, алайда әлеуметтік желі қолданушылардың көпшілігі ұйымдастырушыларды сынап, оларды "арсыз әрі есуас" деп атады.

"Сіздер басқа қайықтағыларды, балаларды немесе басқаларды ойладыңыздар ма?", "Үкімет осындай қасиетсіз акцияларға қалайша рұқсат береді?", "Жиіркенішті, осыны сіздер құқықтың кеңеюі, мүмкіндітер және еркіндік деп атаймысыздар?", - деп жазды олар.