Алматы облысында Беларусьтен келген жүк пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы комиссия Копа станциясындағы рельстен шығудың мән-жайын тексереді.
"2023 жылғы 23 наурыз сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының жүрісі кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ", - делінген хабарламада.
Пойыздардың жүру кестесі өзгермеген. Қазақстанның магистральдық теміржол желісінің операторы болған оқиғаның себептерін тексеру үшін комиссия құрды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!