Байқоңыр туристерді қабылдай бастады

"Байқоңыр" ғарыш айлағы ұйымдастырылған топтармен туристердің келуі үшін қайта ашылады. Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының сайтында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Ғарыш айлағындағы тур аясында "Гагарин стартына", "Восток", "Протон" және "Зенит" ұшыру кешендеріне, "Байқоңыр" ғарыш айлағының мұражайына, "Сатурн" өлшеу пунктіне, командалық басқару пункттеріне баруға, сондай-ақ монтаждау-сынау корпустарын, "Энергия-Буран" ұшыру кешенін және басқа да көптеген объектіні көруге болады.

Ұшыру кезеңінде келушілердің ғарыш айлағының негізгі іс-шараларына: зымыран тасығышты шығару, қонақүйден салтанатты шығу және ғарышкерлер экипажының баяндамасы, ұшыру кезеңінің шарықтау шегі - ұшыруға қатысуға мүмкіндігі бар", - делінген хабарламада.

"Байқоңыр" ғарыш айлағын басқарушы ұйым" жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығы" АҚ жеке тұлғалармен тікелей өзара іс-қимыл жасамайды. Ғарыш айлақтарына сапарды жоспарлау үшін Discover.space сайтында көрсетілген туроператорларға жүгіну керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!