Таиланд астанасы Бангкокқа рейстерді 2022 жылдың күзінде қайта бастау жоспарланған. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков Қазақстандағы Туристік қауымдастық ұйымдастырған туркомпаниялармен онлайн-кездесуде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Бангкокқа рейстерді қалпына келтіру жоспарланды. Таиландтың SandBox және Test & Go бағдарламаларының жаңартуларын қадағалап отырмыз. Менің ойымша, бұл жазда болмайды, бірақ қысқы навигациямен, 2022 жылдың қазан-қарашасынан бастап болып қалар. Жазда біз жаңартулар мен коронавирус шектеулерін қадағалап, қысқы навигация туралы шешім қабылдаймыз", - деді ол.
Ислам Секербеков Америка Құрама Штаттарына рейстердің ашылуын қашан күту керегін де түсіндірді.
"Әуекомпаниялар мен АҚШ-қа ұшу үшін сәйкес келетін елдер үшін бірқатар фактор бар. Мемлекет тарапынан техникалық жұмыстар жүргізілді. Енді рейстер жасай алатын борттардың жеткілікті саны мен дайындығы туралы мәселе туындайды. Біз АҚШ-қа рейстер ашуды әрдайым жоспарлап отырмыз деп айта аламын", - дейді ол.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!