Алматы маңынан табылған алтын көмбе тарихшыларды ұзақ уақыт ойландырды. "Қарғалы диадемасы қай жерден табылды және неге олай аталды? Бүгін Tengritravel.kz пен Zhetysu Travel Ұзын Қарғалы шатқалының құпия сырын ашады.
Таудан құлаған сарқырамасы, айнадай жарқыраған көлдері, найзадай шаншылған шыңдары, жайқалған гүлдері мен дәмі балдай жидектері бар шатқалды көз алдыңызға елестетіңізші. Бұл - Ұзын Қарғалы шатқалы. Оны Алматы түбіндегі Қарғалы шатқалымен шатастырып жатады. Ел аузындағы атаулары ұқсас болғанымен, табиғаты мүлдем бөлек. Ұзын Қарғалы шатқалында бірде-бір шырша ағашын кездестіре алмайсыз, есесіне шырғанақ пен бөріқарақат, қызыл долана өте көп өседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызық мәлімет
Шатқалдың орта шамасында және етегінде Библияда айтылатын әдемі әрі өте қауіпті "күймесгүл" (ақшаған) өсімдігі кездеседі. Бұл өсімдіктің гүлдеріне жақындап кеткен адам жазылуы қиын химиялық күйік алады. Іле Алатауының басқа шатқалдарында бұл гүл дәл осылай көп өспейді.
Ұзын Қарғалының жалпы ұзындығы 37 шақырымға созылып жатыр. Мұздақтарында әрқайсысы 4 000 метр болатын атауы жоқ жеті шыңы көкке шаншылған. Тұманды, Текетау, Түйінді деп аталатын шыңдар да бар. Сол жердегі басты тау жотасында қарапайым ғана Тықия, Құмбел, Қасқасу (Кашкасу), Қарғалы асулары орналасқан.
Ұзын Қарғалы шатқалына барған адамдар айналасындағы көркем көріністен қайталанбас әсер алып, кем дегенде қоржынын (портфолиосын) табиғат аясындағы тамаша суреттермен толтырып қайтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дәл осы жерде ағып жатқан аттас өзенге оның үш саласы - Үлкен және Кіші Шымбұлақ және Атаусыз келіп құяды. Сәл жоғарырақ Майбұлақ өзенімен тоғысқан тұсында шағын ғана Жасылкөл көлі орналасқан. Оның жалғыз емес екенін айта кетейік. Майбұлақ шатқалының жоғары тұсында солға қарай үлкен және кішкентай екі мореналық көл бар. Шатқалдағы туристердің назарын аударатын басты жерлердің бірі сарқырамалар болып табылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олар Ұзын Қарғалы өзеніне құятын үш саласында да бар. Кіші Шымбұлақ пен Атаусыз өзеннің сарқырамалары жеті метр биіктіктен құлап ағады және суы аса көп емес. Ал Үлкен Шымбұлақ шатқалындағы сарқырама - туристер жиі келетін ең танымал сарқырама. Өте биіктен сарқырап ағатын Үлкен Шымбұлақ өз бастауын тау-тасты құздан алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шатқалға тек дайындығы мықты туристер ғана жете алатынын ескерген жөн. Жолы аса қиын емес, бірақ оған жақсы дайындықсыз бару қиынға түседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қарғалы диадемасы"
Олай болса, Қарғалы шатқалынан алтын табылғаны жайындағы жұмбақ оқиғаны ұсынамыз. Сонымен, "алтынды кім тапты" деген сұрақтан бастап, "Қарғалы шатқалында ол қайдан жүр?" дегенге дейін көптеген болжамдар мен түрлі қауесеттер бар. Жаратылыстану ғылымдарының маманы Владимир Сараев нақты зерттеу жүргізіп, тіпті алтын тапқандардың бірімен сөйлесті. Бұл 1939 жылы Қарғалы мата комбинатының үш жұмысшысы тауға аңға шыққан кезде болған еді.
"Ауылдан 30 шақырым жерде шатқалдың бойына үлкен тастың астына түнеуге тоқтадық. Жаңбыр сіркіреп тұрды. От жағып, жорық асын дайындадық. Аркадий Назаренко зерігіп, бір таяқпен жер шұқылап отырған. Белбеу шыға келді, мұндайды қазақтар тағып жүретін, оны біреу суға тастаған сияқты. Аркадийге бірдеңе дегендей болдық, бірақ ол қазуын тоқтатпады. Сақина, білезік шықты. Қарадық - алтынға ұқсайды. Кішкене таң ата бастағанда, тағы қазуға кірістік. Бірнеше сақина мен табақша шықты. Аңға шыққымыз келмей, кері қайттық. Табылған заттарды әрлеу бөлімінің химия маманы Ахметов жолдасқа көрсетіп, тексерттік, алтын екені анықталды. Содан кейін біз тағы сол тасқа бардық. Шамамен 2,5 келі (шын мәнінде 200 грамнан сәл астам, бірақ ол туралы төменде) әйелдер әшекейін қазып алдық: мифтік сюжетті бейнелейтін диадема, арқарлар салынған табақтар, ою-өрнектер, 300-ге жуық кішкентай және үлкен түймелер, олармен киім жиектерін әрлеген көрінеді. Семин арқылы барлығын Алматы қаласының Орталық өлкетану мұражайына тапсырдық", - деп еске алады сол аңшылардың бірі Николай Есипов.
Сонымен қатар, Қарғалы шатқалынан табылған бұйымдарды сипаттайтын ресми құжат бар: "Соңғы жылдары Қазақ КСРО Орталық мемлекеттік мұражайына бірқатар қызықты археологиялық олжалар тапсырылды. 1939 жылы Алматы облысы Қарғалы шатқалының оң жақ тармағында, Мың-Ошақты жолының маңында теңіз деңгейінен 2300 метр биіктікте кездейсоқ адам сүйектері шамамен 300 дана алтын бұйымдар жиынтығымен табылған. Қаңқа жартастағы жарықшақтан табылған. Тарих ғылымдарының докторы Александр Бернштамның анықтамасы бойынша заттар бақсы жерлеуіне жатады және біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырдан - біздің заманымыздың II ғасырына жатады".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар, табылған заттардың толық тізімі де көрсетілген. Жалпы салмағы 200 граммнан асатын 292 дана бұйым. Аңшылар екі өркешті түйе бейнеленген ақық екі алтын сақинаны қазып алды. Әрине, қазақ халқының ата-бабасы үйсіндердің қолданбалы өнерінің үлгісі болып табылатын көне зергерлердің туындысы - "Қарғалы диадемасы" ерекше қызығушылық тудырды. Табақтың ішкі жағында штамптау әдісімен салынған өсімдік өрнегімен қоршалған жануарлар, құстар мен адам бейнелері бар. Диадеманың екінші жартысында шауып келе жатқан айдаһар бар, оның үстінде адам отыр, шабандоздың үстінде қаз ұшып келеді. Бейнелердің соңында - ұшқан құс, арқасына адам мініп, жылдам жүгірген тауешкі, арқар мінген адам. Мамандар бұл бұйымның бас киімге тігілгенін айтады. Бұл әшекейдің үшінші бөлігі де болған болуы мүмкін. Алайда онда не бейнеленгені жұмбақ күйінде қалып отыр. Біраз уақыттан соң, 40-жылдары Александр Бернштам "Қарғалы өзенінің бақсы қорымындағы алтын диадема" мақаласын жазады. Демек, ол диадеманы бақсылардың бұйымы деп санаған сыңайлы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Басқа болжамға сәйкес, диадема түп тамырын Александр Македонскийдің жаулап алған кезеңнен алады дейді. Осылайша, археологтар әшекейлеуде ежелгі ирандық өрнектерді байқаған, ал "диадемадағы" бейнелер Ескендір Зұлқарнайынның жорықтарынан кейін Еуразияда кең тараған Құдай-ана және құнарлылық құдайы Дионис культімен байланысты. Басқалары диадема сюжеті даосизм нанымдарынан туындаған деп санайды. Өйткені біздің заманымызға дейін үйсін тайпалары қазіргі Жетісу жерін мекендеген, оның ішінде Қарғалы шатқалы да бар. Хань патшалығы тұсында қытайлармен тығыз байланыста болған үйсіндер бүкіл дүниені жоғарғы, орта және төменгі деп үшке бөлген деп есептеген. Онда құстар, жануарлар, адамдар мекендейді және өсімдіктер де көп кездеседі, бұл безендірудегі өрнектерге сәйкес келеді. Демек, диадеманы қытайлар жасаған болуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыған орай, диадеманың Қарғалы шатқалына қалай түскені туралы әртүрлі нұсқалар бар: Қытай сарайының көшпелі тайпалар билеушілеріне берген дипломатиялық сыйынан немесе көшпелі билеушіге тұрмысқа шыққан қытай ханшайымының үйлену тойына алған сыйы немесе жас дін қызметкерінің ғұрыптық құрбандығы дегендей.
Шатқал Алматыдан батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерде орналасқан. Шатқалдың дәл алдында Қарғалы (бұрынғы Фабричный) кенті орналасқан. Оған "Сайран" станциясынан автобуспен баруға болады. Жеке көлікпен кенттен бес шақырымдай жоғарырақ орналасқан селден қорғау бөгетіне дейін жетуге болады. Кентке кірген соң, алғашқы жолайрықта оңға бұрылып, шатқалға қарай жоғары жүре беру керек. Асфальтталған жол біткен соң, ары қарай жай жолмен су айдау станциясына дейін жүріп отырып, сол жерде орнатылған шлагбаумға жетесіз. Барған туристердің айтуынша, егер ол жерден көлікпен өткізбесе, ары қарай қалаған жеріңізге дейін жаяу көтеріле аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram