БАӘ әуекомпаниясы Түркістанға рейс ашады

2024 жылдың 16 қаңтарынан бастап Wizz Air Abu - Dhabi әуе компаниясы Түркістан - Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер Airbus A321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады.

"Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан қаласының тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді. Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек", - делінген ведомство хабарламасында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!