Әйелдерге қонақүйде қауіпсіз өмір сүру құпиясы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: visiteast.kz/Аян Махсут Фото: visiteast.kz/Аян Махсут

"Сіз әйелсіз бе? Сіз жалғыз саяхаттайсыз ба? Мүмкін бұрын бөлмеңізде бейтаныс адаммен кездесу секілді жағымсыз сәттер болған шығар және өзіңізді қорғағыңыз келеді", - деп басталады TikTok ролигі. Онда lifestyledbyeri лақап аты бар қолданушы қонақүй бөлмесіне қауіпсіз кіріп, басқа қауіптерден аулақ болу үшін жасаған амалдары туралы айтады.

Иконка комментария блок соц сети

Ол саяхатын бөлмеге есікті үлкен қылып ашып, чемоданын көтеріп кіруден бастайды - егер ол кенеттен шұғыл жүгіруге мәжбүр болса, есік жабылып қалмас үшін солай жасау керегін айтады.

Әрі қарай ол қауіпті адам жасырына алатын барлық жерді — шкафтарды, жуынатын бөлмені, төсек астындағы орынды, балконды тексереді. Содан соң бортсерік алдыңғы есікті, шынжырды жауып, астына арнайы құлыпты - жеке ақшаға сатылатын тығынды қояды.

"Мен бортсерік болып жұмыс істеген кезде, менің бөлмеме кіруге тырысқандар болды, сондықтан мен оны саяхатқа алып шығамын", - деп түсіндіреді ол қосымша құлып туралы.

Тағы бір бортсерік бұл ұсыныстарды пайдалы кеңестер жиынтығымен толықтырды.

"Кірер алдында әрқашан есікті қағыңыз, тіпті егер сіз кілт картасы бар жалғыз адаммын деп ойласаңыз да, есікке шынжыр тағуды ешқашан ұмытпаңыз - әсіресе жуынғанда, киінгенде және бөгде адамдардың кіргенін қаламасаңыз", - деп жазады кеңесші.

Тіпті зұлымдық болмаса да, қонақүйлер қазірдің өзінде бос емес бөлмеге тапсырыс берген кезде қабаттасуы мүмкін.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная