Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жолаушылардың құқықтарын қорғауға арналған жаңа құқықтық механизмдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Мәжіліс дәлізінде журналистер депутаттан оралдық 12 жастағы қыздың отбасына қатысты сот шешіміне Air Astana әуекомпаниясының апелляция беру жағдайы туралы сұрады. Қызды Астана әуежайында рейске жібермей, жалғыз қалдырып кеткені белгілі.
Депутаттың айтуынша, әуекомпаниясы сот шешіміне шағымдануға құқылы.
"Біз қазір барлық әуекомпанияға рейстерді кешіктіргені үшін айыппұл салатын механизмдерді әзірлеп жатырмыз. Қазір тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында әуекомпанияларын тексеру және олардың шағымдарын қарастыруға байланысты құқықтық механизмдер әзірленіп жатыр, сонымен қатар әуежай басшылығын да қарастырамыз", - деді депутат.
Еске салсақ, 2024 жылғы 21 шілдеде кәмелетке толмаған Зеренің Fly Arystan әуекомпаниясының Астана – Орал рейсіне жіберілмегені белгілі. Ол жоспарда егіз әпкесімен бірге ата-анасына оралуы керек болған. Нәтижесінде қыз Астана әуежайында қалып қойған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!