Әуекомпания өкілдері Алакөлге билеттердің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @umbravenator_ Фото @umbravenator_

Қазақстандық туристер әлі күнге дейін Алакөл жағалауына әуебилеттерін сатып ала алмайды. Себебі билеттер сатылымда жоқ. Kaz.tеngritravel.kz тілшісі демалушылар үшін билет қашан қолжетімді болатынын білді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық туристер әлі күнге дейін Алакөл жағалауына әуебилеттерін сатып ала алмайды. Себебі билеттер сатылымда жоқ. Kaz.tеngritravel.kz тілшісі демалушылар үшін билет қашан қолжетімді болатынын білді.

"Жетісу" әуекомпаниясының президенті Қалтай Дөнсебаев тасымалдаушы Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты сатуды бастай алмайтынын айтты.

"1 шілдеге дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау керек, содан кейін пайдалануға қабылдау актісі жасалады, аэродромға авиациялық әкімшілік сертификат береді. Содан кейін әуежай ашылады. Яғни, біз жөндеу аяқталғанша күтеміз", - дейді ол.

Алакөлдегі әуежайларда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Егер жөндеу жұмыстары 1 шілдеде аяқталса және үшінші шілдеде барлық рәсімі аяқталса, онда біздің тарапымыздан ешқандай кідіріс болмайды. 5 шілдеде біз билеттерді сатуды бастай аламыз", - деп қосты әуекомпания басшысы.

"Жетісу" әуекомпаниясы Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша жергілікті бюджеттен субсидияланатын рейстерді орындайтын болады. Бір жаққа билеттің құны - 8 000 теңге.

Жетісу облысы әкімдігінің сайтында Үшарал әуе рейстері 10 шілдеден бастап орындалады деп көрсетілген.

"Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталып жатыр. Соның арқасында әуежай Boeing типті ұшақтарды қабылдай алады. Сегіз рейсті іске қосу және күніне 500-ден астам жолаушыны қабылдау жоспарланған", - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күнделікті сегіз рейстің басым бөлігін жолаушылар сұранысына байланысты "Жетісу" әуекомпаниясы жүзеге асыратын болады. Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан және Алматы – Үшарал – Алматы бағыттары бойынша күніне бір реттен SCAT әуекомпаниясы орындайтын болады. Республикалық бюджетпен субсидияланатын бір жаққа билет бағасы - тиісінше 16 және 15 мың теңге.

SCAT әуекомпаниясы әуебилеттерін сатуды іске қосу күнін әуежайдың ашылғаны туралы ресми хабарламасынан кейін ғана жариялайтынын атап өтеді.

Үржар ауданына әуе рейстеріне келетін болсақ, аудан әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарының қалған 10 пайызы да 1 шілдеге дейін аяқталады. Қазақстанның бірнеше қаласынан Үржарға облыстық бюджеттен субсидияланатын рейстерді "Южное Небо" әуекомпаниясы орындайды. Тасымалдаушының жөндеу аяқталғанға дейін билеттерді сатудың басталуы туралы ақпараты жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан - Үржар - Нұр-Сұлтан және Алматы - Үржар - Алматы бағыттары бойынша әуебилеттер бір бағытта 16 мың теңге тұрады. Семей - Үржар - Семей және Өскемен - Үржар - Өскемен бағыттары бойынша билеттер 10 мың теңгеден.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная