Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Пхукетке (Таиланд) рейстің кешігуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
KC563 рейсін орындайтын Boeing 767 ұшағы 13 желтоқсанда сағат 01:30-да ұшып шығуы керек еді. Алайда ұзаққа кешікті.
"Ұшу техникалық себептерге, содан кейін экипаждың жұмыс уақытының аяқталуына және кейіннен олардың ауыстырылуына байланысты кейінге қалдырылды. Ұшып кетуді күткен жолаушылар ыстық тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілді. Рейстің ұшып шығу уақыты 12:15-ке шегерілді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұшақ өз бағыты бойынша ұшты.
"Әуе компаниясы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қауіпсіздік - біздің басты басымдылығымыз екеніне сендіреді. Кешіктірілген рейстің жолаушылары help.airastana.com сайтында кешіктірілген әрбір сағат үшін 3 пайыз көлемінде өтемақы сұрай алады", - деп қосты баспасөз қызметі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!