Әуекомпания Алматыда төтенше жағдай кезінде жүгін жоғалтқандарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет @Shutterstock Көрнекі сурет @Shutterstock

5 қаңтарда Алматы әуежайын наразылық білдірушілер басып алды. Ұшып үлгермеген жолаушылар асығыс эвакуацияланды және жолжүгін таба алмай қалды. Бұл жағдайда не істеу керегі Kaz.tengritravel.kz тілшісінің материалында.


Иконка комментария блок соц сети

5 қаңтарда Алматы әуежайын наразылық білдірушілер басып алды. Ұшып үлгермеген жолаушылар асығыс эвакуацияланды және жолжүгін таба алмай қалды. Бұл жағдайда не істеу керегі Kaz.tengritravel.kz тілшісінің материалында.

"Эйр Астана" компаниясы редакцияның сұрауына жауап жазды. 5 қаңтарда наразылық білдірушілер Алматы әуежайында жолаушылар көп жиналатын кешкі уақытта басып алған. Жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланды, бірақ олардың көпшілігінің жүгі багаж беру және сұрыптау аймағында қалған.

"Басып алу кезінде әуежай тоналды, наразылық білдірушілер жүктің бір бөлігін әуежайдан алып кетті. Ал басқа жүк ашылып, ішінен құнды заттарды алған,  қалғандары лақтырылды", - деді компания.

Әуетасымалдаушының мәліметінше, әуежай босатылғаннан кейін Алматы әуежайының ЖІІБ қызметкерлері заттардың қалдығын полиэтилен пакеттерге жинап, пломбалаған және багажды сұрыптау аймағында қалдырған.

Ақтаудан (ұшып келу), Мәскеуге, Тбилисиге және Киевке (ұшып шығу) ұшатын рейс жолаушыларының жүгі ең көп зардап шеккені анықталды.

"Әуекомпания қызметкерлері Алматы әуежайына кіре салысымен қалған жүкті сұрыптап, жолаушыларға бере бастады. Жолаушылар заттардың қалдығын анықтап, Алматы әуежайының ЖІІБ тергеушілерінің қатысуымен полиэтилен пакеттерден алды. Осылайша, багаждың көп бөлігі жолаушыларға мекенжай бойынша жеткізілді немесе жолаушылар багажын өздері алып кетті", - деді әуекомпания өкілдері.

"Эйр Астанада" мәліметінше, жүкті талдау және оны жеткізу әлі де жүріп жатыр, ұрланған багаждың нақты санын айту мүмкін емес.

"ҚР Азаматтық кодексінің 359-бабы 2-бөлігіне сәйкес, 5 қаңтарда Алматы әуежайында орын алған еңсерілмейтін күш жағдайларының әсеріне байланысты әуекомпанияның жүктің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмады. Бұл оны жауапкершіліктен босатады. Жүгін таппаған жолаушыларға Алматы әуежайының ЖІІБ-не ұрлық фактісі бойынша өтініштермен жүгінуді ұсынамыз. Әуежайдың аумағындағы бейнебақылау тек Алматы әуежайының басқаруында болады. Жүгі жоғалған жағдайда бейнекамералардан жазбалар Алматы әуежайының ЖІІБ сұрауы бойынша ұсынылады", - деп қорытындылады компания.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная