Әуе билеті арзандай ма? Жанармай алымының күшін жою туралы Авиация комитетінің төрағасы айтты

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қазақстандық заңнамадан "отын алымы" ұғымын алып тастау жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тасымалдаушылар "отын алымы" арқылы нарықтағы авиаотын бағасының тұрақты өзгеруіне байланысты шығындарын өтейтіні белгілі. Жанармай бағасы неғұрлым жоғары болса, әуе билеттері соғұрлым қымбат болады.

Маусымның басында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Көлік прокуратурасы Air Astana-ға "әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны" үшін 6,7 миллиард теңге айыппұл салды.

Air Astana әуекомпаниясының өкілдері жанармай алымын өндіріп алу заңды құқық және "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" заңда көзделгенін айтып, айыптармен келіспеді.

"Бұл негізсіз байыту факті, шамамен 6 миллиард теңге сомасында - отын алымын алу. Егер мен қателеспесем, 2010 немесе 2011 жылдың басында бұл норма (жанармай алымы - ред.) үнемі өзгеріп отыратын жанармай бағасының айырмашылығын теңестіру үшін заңнамамен енгізілді. Қазір шаралар қабылданып жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, жанармай алымын өндіріп алу мүмкіндігі алынып тасталатын заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасадық", - деді Ластаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!