Атырау облысындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты әуе билеттерінің қымбаттығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқырман редакцияның WhatsApp нөміріне жазып, Атырау – Алматы бағытына билет бағалары көрсетілген скриншот жіберді. Суретте рейс құны 600 мың теңгеден асып түскені көрінеді.
Фото: Tengrinews.kz оқырманы жіберген скриншот
Air Astana әлеуметтік желі қолданушыларының назарын әлеуметтік желілерде тарап жатқан скриншоттарға аударды.
"Бұл скриндерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға әуе билеттерінің құны көрсетілген, бірақ онда Ыстамбұлда бір-екі трансфермен ұшатын рейстер көрсетілген, ал сегменттердің бірі бизнес-класс билеттерін көрсетеді. Осылайша, мұндай скриншоттар жұртшылықты жаңылыстырып отыр. Ұтымды бағаға кепілдік болуы үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз", - деп хабарлады әуекомпания.
Сонымен қатар, әуекомпания ішкі бағыттардағы әуе билеттерінің құнын көтермегенін атап өтті.
Оқырман билеттерді іздеген кезде, тікелей рейстерде бос орындар болмаған болуы мүмкін. Бірақ бүгін таңертең Air Astana Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты артқан сұранысты қанағаттандыру үшін Алматы мен Атырау арасында қосымша рейстер ашылатынын хабарлады. Толық ақпарат - сілтемеде.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!