26 сәуірден бастап Қазақстаннан Атырау - Ыстамбұл әуерейсі қайта ашылып жатыр. Бұл рейс өткен жылдың наурызында үкіметтің антиковид шектеулеріне байланысты тоқтатылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, рейстер сейсенбі және жұма күндері Airbus A320neo әуе лайнерінде орындалатын болады. Атырау - Ыстамбұлдың ұшу ұзақтығы 4 сағат 10 минутты, кері ұшу 3 сағат 45 минутты құрайды.
Екі жаққа билеттің ең төменгі құны (алымдарды есепке алғанда) эконом-классқа 165 177 теңгені, бизнес-классқа 580 389 теңгені құрайды.
Air Astana Ыстамбұлға Қазақстанның үш қаласынан рейстер орындайды. Бұл ретте 17 сәуірден бастап Алматыдан аптасына он рейске дейін артады, ал 25 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан рейстері күн сайын орындалатын болады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!