Атырау әуежайының әкімшілігі жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 2gis.kz Фото: 2gis.kz

Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізілді. Оның мақсаты 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою.

"Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін бұзушылықтар, атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау фактісі анықталды", - делінген ААК хабарламасында.

Тексеру нәтижелері бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, орындалу мерзімі 1 ай болатын анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-қимыл жоспары жасалды.

"Алайда, анықталған ескертулер мерзімінде жойылмағандықтан, "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды", - делінген хабарлама.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная