Асыға күтудеміз - АҚШ елшісі Қазақстанға тікелей рейс туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

АҚШ тарапы Қазақстанның тікелей рейске қатысты шешімін асыға күтіп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ тарапы Қазақстанның тікелей рейске қатысты шешімін асыға күтіп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Қазақстандықтарды Америкаға жіберу – менің де көздеп отырған мақсатым және қазақстандықтар АҚШ-қа барып, менің елімді, мемлекетімді тамашалап, біздің қоғам қалайша жұмыс істеп жатқанын көруі өте маңызды. Біз әрине келісімшартқа қол қоюды асыға күтудеміз. Мұны іске асыру үшін ұзақ жылдар бойы қанша жұмыс атқарылды. Талқылау, иммиграциялық режимді қарастыру және америкалықтар Қазақстанда жұмыс істей алатыны туралы мүмкіндіктер секілді бірқатар шара іске асырылды. Сондай-ақ техникалық мәселелер де бар. Біз ешқандай кедергілер болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді елші журналистермен онлайн-кездесуде.

Айта кетейік, ҚР Парламентінің Мәжілісі Қазақстан мен АҚШ арасында әуетасымалына рұқсат беретін заң жобасын қарастырып жатыр.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы "Тараптар тасымалдаушылар саны, межелі пункттер мен жиіліктер бойынша шектеусіз ұшуды орындай алатын ашық аспан қағидаттарын" көздейді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная