Астаналықтың әуежайдан күйеуін ерекше күтіп алуы жұртты сүйсіндірді

Тосынсыйлар әркез жаныңа жылулық ұялатады. Әсіресе оны жақын адамдарың жасағанда қуанышың еселей түседі. Астана тұрғынының күйеуіне жасаған тосынсыйы Қазнеттің көзайымына айналып, желі қолданушылары позитив эмоцияларын жасыра алмады. Tengritravel.kz тілшісі осы оқиғаға қатысты әңгіме өрбітпек.

Әсем Ғалиева алып қонжықтың костюмін киіп, күйеуін әуежайдан күтіп алуға шешім қабылдайды. Жасұланның оны көргендегі әрекетіне қарап, әуежайда жұбайынан мұндай қойылымды күтпегені білініп тұр. Өзін басқа жолаушымен шатастырған болар деген ол ерекше костюмдегі әйелінен қашып кетпек болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жасулан Сейсенханов (@jasulan.seisenhanov)

"5 рет қарап шықтым, сондай әдемі, сондай керемет", "Бір видеода әзіл-оспақпен қоса қаншама махаббат жатыр!", "Жақсы идея, ойластырған адам да керемет. Сіздерге шексіз бақыт тілеймін", "Әуежайдағы ең керемет кездесу", "Күйеуі қандай азамат! Қолында жүзігі бар, тіпті қуыршаққа да мән бермейді", "Өте романтикалық және әсерлі кездесу, өзі сондай салмақты ер адам белдемше киген қуыршаққа күдікпен қарап, артынша өзінің сүйікті әйелін таныды", "Мен жылап жібердім. Бақытты отбасыны көрген кезде бірден жылап жіберемін", - деп жазды юзерлер.

Жасұланның сөзінше, ол отау құрғандарына бір жыл толатын кезде шетелге іс сапарға кетуге мәжбүр болған. Сол себепті жас жұбайлар бір-бірін тек видеоқоңырау арқылы құттықтай алған. Кейіннен Жасұлан ұшаққа отырған. Ал үйіне оралар кезде, жұбайы осындай костюммен күтіп алуға келетінін күтпеген.

"Мен алты сағаттық түнгі рейспен ұшып келдім. Мені күтіп алып, осындай тосынсый жасайтыны ойымда да болмады. Қонжықтың киімін киген адам маған келе жатқанда, қателескен болар деп бір шетке шығып өте шықпақ болдым. Қонжықты жіберген жолаушыны өткізу керек деп ойладым, - деді ол.

Жасұлан жұбайын қалай танып қойғанын айтып берді. Айтуынша, оларды видеоға түсіріп жатқан қызды көріп қалған.

Қонжық артымнан қалмайды. Олар уақыт өткізіп жүр ғой деп ойладым. Кейіннен видеоға түсіріп жүргін оператор қызды көріп қалдым, телефонның чехолына қарап жұбайымдыкін танып қалдым. Әрине, тосынсый ұнады, - деп атап өтті Жасұлан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жасулан Сейсенханов (@jasulan.seisenhanov)

Жұртты шулатқан роликтің басты кейіпкері олардың жұбайымен қарым-қатынасы араздасып жүрген отбасыларға екінші дем беретініне сенім білдіретінін айтты.

Бұл ретте қазіргі шақпен өмір сүріп, әр сәтке, әр секундқа қуану керек екенін айтқым келеді. Жақындарыңа жағымды эмоция, қуаныш сыйлау үшін бай болудың қажеті жоқ, - деп түйіндеді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жасулан Сейсенханов (@jasulan.seisenhanov)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!