Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінен Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінен

Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA INTERNATIONAL AIRPORT (@nqz_airport)

"Ұшақты дәстүр бойынша "су аркасымен" қарсы алды. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет - сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуеқатынасы жүзеге асырылатын болады", - делінген хабарламада.

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная