Астанадан Алакөлге "Тальго" пойызы қатынайды

Туристерге ыңғайлы болу үшін Алакөлге "Астана-Достық" қатынасымен "Тальго" пойызы іске қосылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания мәліметінше, 2023 жылы Алакөл бағытында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут бойынша жүру жалғасын табады. Алғаш рет "Астана-Достық" бағыты бойынша "Тальго" пойызы іске қосылады.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов жазғы маусымда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте мәлім етті. Аталған жиынға "Атамекен" ҰКП, туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтардың, "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері қатысты.

Былтыр Алакөл жағалауына теміржол көлігімен 243 мың жолаушы жеткізілгені атап өтілді. Еліміздің оңтүстік өңірінен үлкен ағын байқалды - 118 мың адам. Солтүстік аймақтан көлге және кері бағытта 72 мың жолаушы тасымалданса, ШҚО-дан - 52 мың. 2023 жылы жолаушылар орындарының санын 6 пайыз, яғни 276 мыңға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Биыл туроператорлар үшін коммерциялық пойыздарға билеттерді ерте - пойыз жөнелтілгенге дейін 180 тәуліктен бастап брондау тәртібі қолданыста болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.