Астанада қызды таңғалдырмақ болған ұшақ жолаушысы бес жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/alexkrasovsky © pixabay.com/alexkrasovsky

Астана әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуе портының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуе портының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана - Алматы рейсіне отырған жолаушы тіркелу кезінде өзінде бомба барын айтқан. Әуежайда дабыл көтеріліп, қызметкерлерге нысанды жедел түрде тексеруге тура келді. Алайда Астананың халықаралық әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері нысан аумағында ешқандай жарылғыш зат таппады", - делінген хабарламада.

Ер адамды желілік полиция қызметкерлері рейстен түсіріп алды. Жолаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша іс қозғалды, енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 14,5 миллион теңге айыппұл төлейді.

"Жалған ақпарат берген ер адам ісін түсіндіру кезінде "оған бой жеткен қыз ұнап қалғанын және онымен әзілдескісі келгенін" айтқан. Алайда авиациялық қауіпсіздік - қалжыңдасатын дүние емес. Сондықтан жолушыларды жауапты болуға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - дейді астаналық әуежайдың PR-қызметінің жетекшісі Тойгүл Жұбанысова.

Биыл Астана әуежайында жарылғыш зат туралы 30 рет жалған ақпарат беру жағдай болғанын айта кетейік.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная