Астана мен Қызылорда арасында қосымша әуе рейстері ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Qazaq Air Қызылордаға қосымша рейстер ашып, рейстер жиілігін аптасына бес ретке дейін арттырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Qazaq Air Қызылордаға қосымша рейстер ашып, рейстер жиілігін аптасына бес ретке дейін арттырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әуекомпания 19 қазаннан бастап Астана мен Қызылорда арасында қосымша рейстер ашады. Рейс аптасына бес рет канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағында орындалады.

Сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Астанадан Қызылордаға рейс сағат 17:15-те, ал қарсы бағытта 19:40-та ұшады. Дүйсенбіде Астанадан ұшатын рейстер 18:00-де, кері рейс 20:40-та болады.

Бейсенбі күндері ұшақтар Қызылордаға сағат 13:30-да, Астанаға 16:10-да ұшады.

"Ішкі бағыттарды кеңейту өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға, экономикалық дамуға және жолаушылар үшін әуе қатынасының қолжетімділігін арттыруға көмектеседі", - деді компания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel