Астана - Бейжің рейсі қашан іске қосылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Air Astana Қазақстанның бас қаласынан Қытай астанасына 18 наурыздан бастап қайта ұшады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Air Astana Қазақстанның бас қаласынан Қытай астанасына 18 наурыздан бастап қайта ұшады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 наурыздан бастап аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Астанадан Бейжіңге ұша бастайды. Жаз мезгілінде ұшу жиілігі ұзарады. Жолаушыларды A321LR ұшағы тасымалдайды.

Сондай-ақ , 2 наурыздан бастап әуекомпания Алматыдан Бейжіңге ұшатын рейстерді аптасына төрт ретке дейін ұлғайтады, ал жаз мезгілінде күн сайын ұшуды жоспарлап отыр. Алматы мен Бейжің арасындағы әуе желісіне Airbus A321LR және Airbus A321neo алыс аймақтарға ұшуға арналған ұшақтар тартылатын болады", - делінген хабарламада.

Әуекомпания пандемияға байланысты 2020 жылдың наурыз айында Қытаймен әуе қатынасы тоқтатылғаннан кейін 2022 жылдың 22 қарашасынан бастап Бейжіңге рейстерді қайта бастады. Air Astana деректері бойынша 2002 жылдан 2020 жылға дейін осы бағыт бойынша 1 миллион 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная