Астана әуежайының төрағасы өзгерді: ол Дубай мен Абу-Дабиде жұмыс істеген

Юсуф Альджавдер елорда әуежайының басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Үкіметі кеңсесінің келісімі бойынша, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы болып Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды", - делінген комитет хабарламасында.

Ерғазы Әбірұлы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан аса тәжірибесі бар. Ол әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Emirates, British Airways, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында жоғары лауазымдарда жұмыс істеген.

ААК 2023 жылдың қарашасында Астана әуежайы Terminals Holding (БАӘ) сенімді басқаруына берілгенін түсіндірді.

2024 жылдың 1 мамырынан бастап инвестор жеке инвестиция арқылы 20 жылдан аса уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуді бастауды жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!