Азаматтық авиация комитеті ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кешігіп жатқан рейстер саны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
"2023 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына/қаласынан 45 рейс кешіктірілді және тоқтатылды. Оның ішінде ұшып келуге 26 рейс, ұшуға 19 рейс", - делінген ААК хабарламасында.
Осыған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Астана әуежайында 30 рейс кешігіп жатқаны айтылды.