Астана әуежайында жолаушылардың не себепті эвакуацияланғаны белгілі болды

Астана халықаралық әуежайының терминалынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"112 пультіне Астана қаласы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін шығып жатты. Жолаушылар эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сағат 08:24-те өрт сөндірілді. Әуежайдың №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр аумақта электр кабельдері жанғаны анықталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!