Астана әуежайының ішкі рейстер терминалында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"2023 жылдың 6 ақпаны мен 13 ақпаны аралығында ішкі терминалдың 2 қабатында орналасқан тексеру аймағында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жоспарланғанын хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген әуе айлақ әкімшілігі таратқан хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Форс-мажорлық жағдайларды болдырмау үшін әуежайға алдын ала келіп, қажетті процедуралардан алдын ала өтуіңізді сұраймыз.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!