FlyArystan лоукостері Астана - Анкара бағыты бойынша билеттерді сату басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуетасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейстер 23 мамырдан бастап, сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы - шамамен бес сағат. Бір бағытқа билет құны 43 465 теңгеден басталады (ұшақ бортында кездейсоқ орынды және 5 келі қолжүгінің 1 бірлігін қамтиды). Халықаралық рейстерге тарифтің құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін. Қызмет ақысы қосымша алынады.
"Елордалықтардан бөлек, Түркия астанасы Шымкент, Семей, Қызылорда, Ақтау және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді болады. Біз оларға ыңғайлы түйістіру рейстерін қолжетімді бағада тауып береміз", - делінген хабарламада.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!