"Әсеріңді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Қастек үңгірлері туристерді несімен қызықтырады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @toto.kn Фото @toto.kn

Саяхат адам баласына әркез қуат сыйлап, өмірімізді одан әрі жандандыра түсетіні анық. Бірақ саяхаттаған жерлерден экстремалды көңіл-күй де алғымыз келеді. Осындай сезімді бастан кешірер жердің бірі - Қастек үңгірлері. Мұнда тау мен бұлақтардың әдемі көрінісі де, таңғажайып үңгірлер де бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сізге Қастек үңгірлерінің туристерге несімен тартымды екені жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Саяхат адам баласына әркез қуат сыйлап, өмірімізді одан әрі жандандыра түсетіні анық. Бірақ саяхаттаған жерлерден экстремалды көңіл-күй де алғымыз келеді. Осындай сезімді бастан кешірер жердің бірі - Қастек үңгірлері. Мұнда тау мен бұлақтардың әдемі көрінісі де, таңғажайып үңгірлер де бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сізге Қастек үңгірлерінің туристерге несімен тартымды екені жайлы баяндайды.

Қастек үңгірлері Қастек тау шатқалында орналасқан. Бұл жердің өз тарихы бар. Бұрын осы аттас өзеннің сол жағалауында, Суықтөбе тауының етегінде Шу және Іле өзендерінің аңғарларын байланыстыратын бекініс болған. Тарихшылар бекініс VII ғасырда салынған дейді. Ол шатқал арқылы өткен керуендердің бақылау пункті болды.

"Қас" сөзі ежелгі уақытта осында өмір сүрген рудың атауы. Ал " қастек " "қас тайпасының адамдары" дегенді білдіреді. Қазір бұл жерде Тоқмак қаласы орналасқан. Оның айналасында археологтар әлі күнге дейін артефактілерді, негізінен қару-жарақ пен тұрмыстық заттарды табуда. XV ғасырда мұнда 10 мыңнан астам халқы бар қала жоңғар шапқыншылығынан жойылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от _Қастек ауылы_ (@_qastek_2k20_)

Кеңес заманында шатқалда геологтар жұмыс істеді. Іле Алатауының таулары салыстырмалы түрде жас болғанына қарамастан, олар негізінен палеозой мен карбонда пайда болған ежелгі жанартау жыныстарынан тұрады. Бұл пайдалы қазбаларды өндірудің үлкен әлеуетін көрсетеді. Мұнда геологиялық барлау жүргізілген. Алтын, кадмий, күміс және мыс кен орындары табылды. Бірақ қазбаларды өндіру тиімсіз деп саналды. Сондықтан ғалымдар жұмыстарын тоқтатты, бірақ қазір туристерді қызықтыратын көптеген ұңғымалар қалған.

Фото @elementarnoe_trio

Ұңғымалар Кастектің көптеген бүйір шатқалдарында орналасқан. Кейбірінің ұзындығы 300 метрге жетеді. Көпшілігі тастармен толып қалған және оған кіру мүмкін емес. Бірақ кіруге болатын үңғымаларды аралап, зерттуге болады. "Элементарное трио" саяхатшы-блогерлер отбасы осылай жасады. Олардың айтуынша, ұңғымалардан тау жыныстарын, жарқанаттар мен қараңғылықт ы тамашалауға болады.

"Біраз жүйкеңізге салмақ түсіруге тура келеді. Қазіргі уақытта біз өте жайлы өмір сүрудеміз, ал мұндай жерді аралау - жайлылықтан шығуғамүмкіндік береді. Өзіңді қиын, қолайсыз жағдайға бейімдеу, жаттығу", - дейді саяхатшылар.


Фото @elementarnoe_trio

Блогерлердің айтуынша, кейбір үңгірлер терең, қуыс, әрі бұрылысы көп екен. Ішіне кіріп бойлаған сайын қараңғылық қоюлана береді.

"Сенің негізгі жарық көзің - өте күшті фонарь болмақ. Сондықтан адреналинді сөзбен жеткізу мүмкін емес! Бұл жер фотосессия үшін де керемет. Тау шатқалының көрінісі тамаша. Бұл жердің табиғаты ашық күні де, жаңбырлы күні де керемет", - дейді туристер.

Шынымен де, әлеуметтік желілерде осы үңгірлердің қызықты суре терін де кездестіруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗАБУГОРЩИКИ. Ренат и Амина. (@zabugorshiki)

Мұндай суреттерге желі қолданушылары: "Бұл үңгірлер қай жерде?", "Экстермалдар десе!", "Тамаша!", "Өте әдемі жерлер!" деп таңданыстарын жасырмады.

Сонымен қатар, саяхатшылар кей жерлерге туристердің қоқыс тастап кеткендеріне қынжылады. Бұл әдемі көріністі бұзады. Бірақ жағымды және қызықты жерлері де аз емес.

"Қатпарлар, тау жыныстары, су, жарғанаттар, жануарлар сүйегі. Тағы да қызықты детальдар бар. Төбесінде және қабырғасында ағаш тіреулер бар. Бұлар су басу қаупінің алдын алу үшін орнатылған. Ұңғымада бәрі анық естіледі, жарғанаттардың дауысы, тамшылаған су және сенің жүрек соғысың", - дейді олар.

Фото @elementarnoe_trio

"Ауа-райы жаңбырлы болды, біз бір ұңғымаға кіргенде күн күркіреді. Ұңғымадағы акустика керемет. Бізге бейне бір жарылыс болғандай естілді. Жылқы сүйегін кездестірдік, айналада тек бір-екі қыстау ғана, ал ауыл 22-шақырымдық жерде, жылқыны жыртқыштар жеп кеткені анық. Сондықтан ары қарай йжкіру өте қорқынышты, себебі, онда қасқыр немесе түлкі де болуы мүмкін. Бірақ бізге тек жарғанаттар кездесті", - дейді туристер.

Қастек тау шатқалы өзінің бай табиғатымен де тамсандырады. Мұнда арқарлар, маралдар және тау ешкілерінің бірнеше түрі кездеседі. Түлкі, қасқыр, сілеусінді де көруге болады. Аспанда неше алуан құс қалықтайды, олардың қатарында үкі, бүркіт, байғыз да бар. Бұл аймақтарда аңшылық та бар. Аңшылықты сүйетіндер осында келіп қырғауыл, ұлар және т.б. құс тұрлерін аулайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazhym Jumaliyev (@mergenshi)

Балықшылардың да көңілінен шығары анық. Қастек өзенінде тау алабалығы бар.

"Таулар, табиғат, айнала мүлгіген тыныштық, тек сылдырап аққан су ғана жаныңыз бен рухыңызға сая болады", - деп жазады туристердің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Land-Cruiser (@land.cruiser.105gx)

Сарапшы пікірі

Өскемендік спелеолог Николай көп жылдар бойы Шығыс Қазақстандағы Асу-Бұлақ аймағындағы тастанды ұңғымаларды зерттеп келеді. Ол мұндай жорыққа екінің бірі шыға алмайтынын және толық дайындық қажеттігін айтады.

"Мұндай жорықтар спелеологтар мен диггерлерге өте қызық болмақ. Соңғысы туралы Қазақстанда барын естімеппін. Қысқаша айтқанда, жасанды жерлерді аралау - бұл спелеотуризм емес, спелеология да емес, спелеостология. Туристердің бірі мұндай жорыққа не үшін шықтыңыз деген сұраққа "өзімді сынап көргім келді" деп жауап берді. Дұрыс ұйымдастырылған жорықта адреналин болуы мүмкін емес. Мұндай жорыққа әбден дайындық қажет", - деп бөлісті өз ойымен Николай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Николай (@pns1967snp)

Қауіпсіздік мәселесіне келгенде, Николай мұндай жорықтардың несімен қауіпті екенін түсіндіріп берді.

"Ұңғымалардың кей жерінде лабиринтті жерлері болады. Алғашында мен қиылыстардың бәріне бормен белгі қойып кетіп отырдым. Жай ұңғымалары да бар, тік, кіресіз де, шығасыз. Вертикалды ұңғымалар да бар, 45 метрлік. Сондай ұңғымаға құлап кетуіңіз де ғажап емес. Ең негізгісі - қырағы болу. Жүрексініп тұрсаң - шықпа, қауіптеніп тұрсаң, сенімсіз болсаң - артқа қайт", - дейді ол.

Фотографтарға сарапшы өте күшті жарық түсіргішті пайдалануға кеңес береді. Себебі, жарықсыз әдемі кадр жасау мүмкін еместігін алға тартады.

Өзіңмен бірге не алу қажет?

Сарапшының айтуынша, барлық қолайсыз жағдайға дайын болып, қажетті құрал-жабдықты сайлап алу қажет.

"Бізде мынадай әзіл бар: "қараңғы, суық, лас, әрі дымқыл - спелеологқа нағыз таптырмас жер". Бірақ осындай қауіпті сүйетін туристерге мен өзіңізбен бірге жарық түсіргіш құралдарды алу қажет деп кеңес берер едім: маңдайға тағатын жарық түсіргіш, әрі ол ұзақ уақытқа төзімді болуы қажет, сонымен қатар, ыңғайлы аяқ киім кию қажет. Кейде ұңғымаларда су жиналып қалады. Сондықтан су өтпейтін биік етік, қажет деушілерге акваланг, тіпті резина қайық та болады. Әрі қарай, каска, қолғап және жылы киім қажет ", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Николай (@pns1967snp)

Қастек үңгірлері Қырғызстан Республикасының шекарасына жақын. Үңгірлерде кейде шекара қорғаушылары да жүреді. Қастекте шекара заставасы орналасқан. Түсініспестік туындамас үшін, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен балалардың туу туралы куәлігін де алып жүргеніңіз жөн.

Саяхатшы-блогерлер өзіңізбен бірге тауға арналған аяқ киім мен жылы киім алу қажет екенін ескертеді.

"Тауға арналған аяқ киім міндетті түрде, ешқандай басқа туфли немесе жай аяқ киім жарамайды. Су мен жылы киім. Таудың ауа-райы құбылмалы, ке түскенде тіпті салқындап кетеді. Ұңғымаға түсу үшін күшті жарық қажет. Сонымен, әрине, қоқыс тастап кетпеңіз. Табиғатты аялайық", - деп кеңес береді туристер.

Қастек үңгірлеріне қалай жетуге болады?

"Айтпақшы, үңгірлерді табу өте оңай. Сіз тас бөліндісін көрген болсаңыз, онда үстінде штольня болады. Бірақ қандай, үлкен не кіші, қолжетімді ме, әлде жоқ, сіз оған жеткенде ғана біле аласыз. Квадрокоптермен көтеріліп, жоғарыдан рельефті зерттей отырып, көптеген үйінділерді көрдік, бірақ, өкінішке орай, әрқайсысын зерттеуге уақыт жетпеді", - дейді "Элементарное трио" саяхатшылары.

Алматыдан Қастек ауылына дейін екі сағатта (шамамен 85 шақырым) Алматы - Қарғалы - Қастек жоғарғы тас жолымен де, төменгі Алматы - Бішкек тас жолымен де жетуге болады. Ұзынағаш ауылынан Қастекке дейін жақсы асфальтталған жол төселген. Ал Қастек ауылынан кейін қара жол басталады. Оған тағы 22 шақырым жол жүру керек. Жол бойында қираған көпір кездеседі. Көпір-бұл негізгі жолдың тармағы. Оны қтіп бағытыңыз бойынша тура жүресіз. Кроссовер, жол талғамайтын көлік еш қиындықсыз өтеді, ал жақсы ауа-райында, егер ұқыпты болсаңыз, жеңіл көлікпен де жетуге болады.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная