Антимонополия қызметкерлері ҚТЖ жұмысында заңбұзушылық анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zaleskiy.com © zaleskiy.com

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және оның ұйымдас компанияларының атына 19 ұйғарым шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және оның ұйымдас компанияларының атына 19 ұйғарым шығарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы агенттік жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу мәніне "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҚТЖ) компаниялар тобының қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг аясына 42 ұйымның 424 қызметі тексерілді.

"42 компанияның ішінде 14 компания мониторингпен қамтылмаған, оның ішінде: 7 - Қазақстан Республикасының резиденттері емес, 7 акциялардың (қатысу үлестерінің) 50 пайыздан аспайтын үлесі бар бірлескен кәсіпорындар. Осылайша, талданған 424 қызмет түрінің 81-і Агенттіктің келісімінсіз жүзеге асырылып келгені анықталды", - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін Агенттік ҚТЖ және оның ұйымдас компанияларына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы 19 ұйғарым шығарды.

Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы күрт төмендеуі мүмкін

Мына компанияларға келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату немесе оларды белгіленген тәртіппен келісу туралы ұйғарым шығарылды:

  • ҚТЖ;
  • "Кедентранссервис" АҚ;
  • "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС;
  • "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС;
  • "KTZ Express" АҚ;
  • "KTZ EXPRESS SHIPPING" ЖШС;
  • "Теміржолсу" АҚ;
  • "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС;
  • "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС;
  • "Порт Құрық" ЖШС.

"Осындай жұмыс аймақтардағы әлеуметтік саланың 251 мемлекеттік кәсіпорынға да жүргізілді. Мониторинг аясында 59 субъектінің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар анықталды және бұзушылықтарды тоқтату туралы ұйғарымдар жолданды", - дейді ведомство өкілдері.

2023 жылға арналған жоспарларға сәйкес мұндай жұмыс "Самұрық-Қазына" АҚ-ға кіретін жекелеген кәсіпорындар бойынша да жалғасатын болады, олардың ішінде:

  • "Қазақтелеком" АҚ;
  • "Қазпошта" АҚ;
  • "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС;
  • "Самұрық Қазына Бизнес Сервис" ЖШС;
  • "Самұрық Қазына Инвест" ЖШС;
  • "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС.

Мамырдың ортасында Қазақстанда темір жол билеттерінің бағасы шарықтап кеткені айтылған еді. ҚТЖ өкілдері осыған қатысты пікір білдерген болатын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная