Осы аптада "Эйр Астана" әуекомпаниясы Анталиядағы жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.
Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркия билігі репатриациялық рейстерді орындауға рұқсат берген.
"Репатриациялық рейстер сәрсенбіде Анталиядан Алматыға және жұмада Анталиядан Нұр-Сұлтанға орындалады", - делінген хабарламада.
Әуекомпания тоқтатылған рейстердің жолаушыларын хабардар етеді және жолаушылар билет ақшасын сатып алған жері бойынша толық қайтарып ала алады немесе тарифтегі айырмашылықты қосымша төлей отырып, өз билеттерін басқа күндер мен бағыттарға қайта брондай алады.
Түркияда эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун болады. Бұл туралы дүйсенбі, 26 сәуірде ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!