Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қауіпіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.
Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауңв шығудан бас тартқан дұрыс", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Бұл күндері дауыл туралы ескерту жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ақпан соңында Алматы маңындағы котедж қалашықта сел жүрді. Бірнеше коттеждің аумағына топырақ опырылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!