Алматы тұрғындарына жақын күндері тауға серуендеуден бас тартуға кеңес берілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті туристерге ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды ұсынды. Ұсыныс 25 қыркүйекте ауа райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескерту негізінде шығарылды.
26-27 қыркүйек аралығында Алматы аумағына іргелес таулы аудандарда жаңбыр, жауын-шашын болжамына байланысты беткейлерде ағынды сулардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!