Алматы тауларында туристерді Үлкен Алматы көліне өту үшін қойылған "түсініксіз" тариф таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алма-Арасан шатқалында түсірілген видео таралып жатыр. Онда қалаға түсіп келе жатқан ер адам ҮАК-не кіру үшін жинап жатқан ақшаны естіп шүйліккен. Оның айтуынша, "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері жолдардың апатты жағдайда екенін айтып тоғаннан ары қарай жібермей қойған.
"Алайда 30 мың теңге берсек қызметтік көлікпен өте аламыз. Такси жүргізушілері де өтіп жатыр, жаман жол жақсарып кетті. Қалай ойлайсыздар, бұл қаншалықты заңды?", - дейді ер адам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдырушылар автордың сөзімен келісіп, қолдау білдірген.
"Біз ұлымыз екеуіміз құбырмен көтерілдік. Такси жүргізушілері арлы-берлі жүріп жатқанын көрдік. Ақшаға бәрін істеуге болады, дереу жібереді", - дейді туристердің бірі.
"Бұл көптен бері жалғасып келеді. "Көмекшілер" о бастан сонда жүр, бағасы 20 мен 40 мың аралығында, адам ағынына байланысты. Осындай жағдайға бірнеше рет тап болдым", -дейді тағы бір Желі қолданушысы.
Осы шағымға қатысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері өз қызметкерлерінің ешкімді ақшаға тасымайтынын мәлімдеді.
"Жол қызметіндегілер адамдарды ақыға тасымалдап жүр деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Жол қызметінің мамандары сол жол бөлігін күтіп ұстау бағытында жұмыс істейді, арнайы техниканың көмегімен таудан түскен тастардан, көшкіннен және басқа да заттардан тазалайды.
Ұлттық компания Алматы полиция департаментінен көмек сұрап, осы аймақта рейдтік шараларды күшейтуді талап етпек", - дейді ҚазАвтоЖол өкілдері.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен велосипед мінгендерге Үлкен Алматы көліне баруға шектеу жоқ.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!