Алматылық велосипедпен 49 елге саяхаттады, енді Антарктиданы бағындыруды армандайды

Алматылық велосаяхатшы Антарктиданы бағындыруды армандайды. Талғат Жұмабеков екі доңғалақты көлігімен бұған дейін 49 елге саяхат жасаған. Ол тағы 101 мемлекетті аралауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Талғат Жұмабеков велосипедпен саяхаттау идеясы алғаш рет сегіз жыл бұрын келген. Одан кейін Меккеге барып, қажылық парызын өтеуді жоспарлады. Алғашында киелі мекенге жаяу жеткісі келеді, бірақ кейін жолды велосипедпен кесіп өтуді жөн көреді. Мысырға жетеді, бірақ бірден Сауд Арабиясына виза ала алмайды. Төртінші әрекетінде ғана Талғат жоспарын орындай алды.

Саяхатшының айтуынша, алғашқы велосаяхатынан кейін ол саяхаттың бұл түріне ғашық болып, енді тоқтай алмай отыр.

"Мен өзіммен күресу үшін осы қиындықтардың барлығын жеңдім. Содан тәндік және моральдық ләззат алдым. Рухани! Менің саяхатымның ажырамас бөлігі - рухани азық алу, адамдармен қарым-қатынас", - дейді Талғат Жұмабеков.

Ер адамның айтуынша, велосипед тебу оның өмір салтына айналған. Ол 49 елді аралап үлгерді. Басты мақсаты – елімізді танымал ету. Сондықтан ол велосипедімен қайда жүрсе де Қазақстанның туы желбіретіп жүреді. Ер адам шетелдіктермен араласқанды, олардың мәдениетімен танысқанды және қазақ мәдениеті туралы сөйлескенді ұнатады. Жолда тек жақсы адамдар кездеседі дейді. Олар көмектеседі, қонаққа шақырады, дастархан жайып, түнде тұруды қамтамасыз етеді.

Енді Талғат Жұмабеков Колумбияға ат басын бұрды. Ол Аустралияға баруды және Антарктидаға аз да болса қол тигізуді армандайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!