"Алматыға поляк әуе тасымалдаушысы жіберілмеді". Авиация комитеті қауесетке қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде "белгілі әуетасымалдаушы Алматыға жіберілмеді", сондықтан ол бұл қалаға рейстер орындалмайды деген хабарлама тарады. Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіндегілер қауесетке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Facebook-те әлеуметтік желі қолданушыларының назарын бірден аударған хабарлама пайда болды.

"Келесі жылғы наурыздың соңынан бастап LOT поляк тасымалдаушысы Ташкентке Boeing 737 MAX B шағын ұшағымен төрт рет ұшатын болады. Оны Алматыға сол күйі кіргізбеді, ал алмалықтар Еуропаға Ыстамбұл арқылы ұшады", - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі LOT Polish Airlines әуекомпаниясының ұшулары туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"LOT Polish Airlines поляк әуекомпаниясының Алматы әуежайына ұшуын шектеу туралы әлеуметтік желілердегі түсініктемелер шындыққа жанаспайды. LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Астанаға 2017 жылдан бастап ұшады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Польша астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет (дүйсенбі, сейсенбі, жұма) жиілікпен орындалады. Алматы әуежайында "ашық аспан" режимі жұмыс істейді және шетелдік әуекомпаниялар үшін ұшуларды орындауға шектеулер жоқ", - деп жауап берді ведомстводан.

Сондай-ақ, Комитеттегілер бүгінде LOT Polish Airlines әуекомпаниясынан Алматы әуежайына ұшуды орындауға сұраныс түспегенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!