"Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты "Алматы - Шымкент" қатынасындағы №25/26 Тальго жолаушылар пойызы 2 рейске тоқтатылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, 2023 жылы 6 және 8 қаңтарда Алматы-2 станциясынан және ағымдағы жылы 7 және 9 қаңтарда Шымкент станциясынан жөнелтілу тоқтатылды.
Тоқтатылған пойыз орнына жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан құрылған №505/506 бір реттік пойыз екі рейске тағайындалады. Құрамды Алматыдан жөнелту - 2023 жылғы 6 және 8 қаңтар, ал Шымкенттен ағымдағы жылғы 7 және 9 қаңтар жолға шығады.
Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құны толық қайтарылады.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.