Милан-Алматы-Милан тікелей рейсі 2022 жылғы мамырдың соңында ашылады. Бұл туралы Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Милан-Алматы-Милан тікелей әуе рейсін 2022 жылғы мамырдың соңынан бастап Италияның Neos жеке компаниясы апта сайын тұрақты негізде орындайтын болады", - деп хабарлады елші Нұр-Сұлтандағы журналистермен жабық кездесуде.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан Италияға және Италиядан Қазақстанға бірде-бір тікелей рейс жоқ.
Биыл Қазақстанның Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толады. Осыған байланысты елшілік жыл бойы бірқатар әлеуметтік-мәдени іс-шара өткізуге ниетті. Әуе рейсін ашу - осындай шаралардың бірі.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!