Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер саны артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Осылайша, Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуекемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуекемелерін де аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная