Air Astana Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты артқан сұранысты қанағаттандыру үшін Алматы мен Атырау арасында қосымша рейстер ашылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі мәліметінше, 9 сәуірде Airbus A321 ұшағымен KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстері орындалады. Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те жүзеге асырылады.
"Air Astana табиғи апаттан зардап шеккендерге шын жүректен қайғырады және еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайды", – делінген әуекомпания хабарламасында.
Ұшақтың 179 орындық сыйымдылығы бар екені атап өтілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!