1 қарашадан бастап түркиялық Pegasus Airlines әуекомпаниясы Алматы мен Анкара арасындағы рейстерді іске қосты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Алматы және Анкара қалалары арасындағы тұрақты рейстер А320 және Б737 типті әуе кемелерінде сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалатын болады.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/одан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде тараптар маршруттарды, рейстер санын екі есеге және тасымалдаушыларды көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.