"Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері алдағы 45 күнге Алматыдан Алакөлге билеттердің саны туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Алакөлге демалығысы келетіндер шомылу маусымында пойызға билет таба алмай әуреге түседі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бокманның айтуынша, маусымда тәулігіне орта есеппен 3 700 билет сатып алынады. Әсіресе, Алакөлге билеттерге тапшылық пен үлкен сұраныс Алматыда байқалады. Тасымалдаушының баспасөз қызметіндегілер билет санына қатысты деректер күн сайын келесі 45 күнге жаңартылатынын атап өтті.
"30 маусымда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 13 тамызға дейін Алматыдан Алакөлге дейін 8 554 билет сатылады. Оның ішінде 1 417 купе вагондарында және 7 137 плацкарт вагондарында. Алдағы 10 күнде сатылымда 942 билет бар", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов.
Айта кетейік, редакцияның Алматыдан Алакөлге дейін қанша билетті заңды тұлғалар сатып алғаны және қанша адам бірнеше күнге билет сатып алғаны туралы сұрауына "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да мұндай деректерді жинау қиын деп жауап берді. Алайда, жақын арада ұлттық тасымалдаушы жолаушылар туралы статистиканы жинай алу үшін азаматтардың мәліметтер базасын қосу бойынша Әділет министрлігімен ынтымақтастықты бастауды жоспарлап отыр.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!