Алматыдан Алакөлге бес пойыз қатынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @Shutterstock Фото @Shutterstock

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өкілдері Алматыдан Алакөл көліне жетуге болатын жоспарланған бес бағыт туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өкілдері Алматыдан Алакөл көліне жетуге болатын жоспарланған бес бағыт туралы айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-мен меморандум туралы хабарлаған. Соған сәйкес Алматы облысында Алакөлге 11 маршрут қатынайтын болады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы 11 бағыттың бесеуі тікелей Алматыдан жүреді деп жоспарланған.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ:

- Алматы-2 – Достық қатынасындағы № 221/222 пойызы аптасына үш рет, вагондар 670 орынға есептелген;

- Алматы-2 – Достық қатынасындағы "Тальго" вагондары бар № 211/212 пойызы күнара жүреді, вагонда 290 орын бар;

- №22/6941/6942/21 Алматы-2 – Достық пойыздарындағы тікелей күнара 352 адамды тасымалдайды.

Жеке тасымалдаушылар:

- №137/138 Алматы-2 – Достық пойызы (vagon Service Almaty ЖШС, аптасына үш рет);

- №453/454 Алматы-2 – Достық пойызы ("Тұран Экспресс" ЖШС, аптасына үш рет).

Сондай-ақ, компания пойыз билеттерінің жетіспеушілігі мәселесі қалай шешілетінін айтты. 2021 жылдың жазында Алакөл көлі бағытында 331 мың орын ұсынылып, барлығы 182 мың жолаушы тасымалданған. Биыл пойыздардың жүру жиілігі артады. Ұсынылған орындар өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға дейін көбейеді деп жоспарланған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная