Алматыдағы қалың қарға байланысты 40-қа жуық рейс кешігіп жатыр

Air Astana әуекомпаниялар тобы 14 наурызда қалың қардың жаууына байланысты бірқатар рейстер 15 наурызға ауыстырылғанын хабарлайды, - деп жазады Tengritravel.kz тілшісі.

Осыған байланысты әуе кемелерiне жердегi қызмет көрсету мен мұз қатуға қарсы өңдеу қызметiне қосымша жүктеме туындағандықтан, Алматыға/Алматыдан рейстердi кешiктiру және тоқтату жалғасуда. Барлығы 38 рейс кешіктіріліп, 10 рейс тоқтатылды.

14 наурызда тоқтатылған рейстер тізімі:

KC109/110 Алматы - Бішкек - Алматы

KC969/970 Алматы - Шымкент-Алматы

15 наурызда Шымкент рейстер тізімі:

Алматы - Астана - Алматы KC851/852

Алматы - Шымкент - Алматы KC969/970

Алматы - Қызылорда - Алматы KC985/986

"Әуебилеттерді қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алынған жері бойынша хабарласу қажет. Рейстің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты сайтынан немесе Air Astana қосымшасынан тексеру керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жолаушыларды Air Astana әуекомпаниясының барлық қызметі кестені тезірек қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істейтініне сендіреміз", - делінген әуетасымалдаушы таратқан ақпаратта.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!