Алматыдағы ең ірі және танымал сауда және ойын-сауық орталықтары

Алматыда қай жерде өзің де демалып, балаларды да арнайы орталыққа уақытша қалдырып, тамақ ішіп, киноға барып, шопингпен де бір жерде айналысуға болады? Әрине, сауда және ойын-сауық орталықтарында. Кез-келген саяхат барған елдің асханасымен танысудан басталып, шопингпен аяқталатыны рас. Сонымен, біз сізді оңтүстік мегаполистің ең ірі, танымал сауда және ойын-сауық орталықтарымен таныстырамыз.

Esentai Mall

Орталық Азиядағы люкс сәнді сауда орталықтарының бірі. Esentai Mall-дың атмосферасы да ерекше, өйткені Louis Vuitton, Prada, Dior, Moncler сияқты әлемдік бренд бутиктері осы орталықта орналасқан. Saks Fifth Avenue үшқабатты дүкені бар. Сол ғимаратта The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйі, Esentai Tower бизнес орталығы, фитнес-клуб және СПА орналасқан. Бұл орталықта сауда жасап қана қоймай, сонымен қатар балалардың ойын-сауық аймақтары, оннан астам тамақтану орындары, сондай-ақ 11 кинотеатр залына баруға болады.

"Esentai Mall - Алматыдағы менің сүйікті орным. Бұл жерге қайта оралғыңыз кеп тұрады, атмосферасы да өте қонақжай, күні бойы жүрсем де жалықпаймын", - дейді риза көңілмен сауда орталығына келушілер.

Dostyk Plaza

Қаладағы жаңадан ашылған сауда орталығының бірі. Орталық көрікті жерлерге: ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Республика алаңы мен Тереңқұр маңына жақын орналасуымен және шопингке арналған танымал брендтердің көптігімен, кинозалдар мен жайлы мейрамхана ауласының және балалар алаңының ыңғайлығымен көпшілікке ұнайды.

"Көптеген пайдалы дүкендер: кітап, киім, электроника, фудкорт және ойын-сауық - барлығы бір жерде орналасып, ортақ үйлесім тапқандықтан, мұндағы жағымды достық атмосфера, жинақылық пен тазалық өзіне тартады да тұрады", - деп жазады Dostyk Plaza-ға келушілер.

Mega Alma-Ata

Қаладағы ең көне сауда орталығының бірі art-нысандарына бай, оның ішінде 18 метрлік мүсін - "Уақыт таразысы" фонтаны, 12 метрлік "Тілектер ағашы", "Күн" шамы, француз суретшісі Фернан Легердің әлемге әйгілі "Тотықұсы бар әйелдер" керамикалық панелі келушілерді бейжай қалдырмасы анық. Мұнда сатып алушыларды ZARA, H&M, New Yorker, Armani Exchange, Marc O ' Polo және басқа да әлемге әйгілі брендтер қуантады. Кішкентай келушілер мен олардың ата-аналары үшін TeikaBOOM ойын-сауық кешені жұмыс істейді. Фудкорттың көптігі, кинотеатрлар, тіпті 60 метрлік шолу дөңгелегі бар.

"Сауда орталығы өте кең, әдеттегі сауда орталықтарынан әлдеқайда үлкен. Жоба өте жақсы жоспарланған және тазалығы қатты қуантады. Мұнда сізге қажет барлық дүкен бар".

MegaPark

Сауда орталығының атауы айтып тұрғанындай, мұнда 700-ге жуық ағаш пен бұталар отырғызылған. Олар әлемге әйгілі брендтер, кафелер мен мейрамханалар, кинотеатрлар және балалардың ойын алаңы арасында жайқалып өсіп тұр.

"Танымал брендтерге арналған бутиктері, үлкен Универсамы, түрлі асхана мәзірін ұсынатын фудкорты бар таза, жайлы және қызықты демалыс орны".