Алматыда техникалық себеппен қонатын ұшаққа жанармай құю тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әуежайында авиациялық отын жетіспейді. Жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақтылығын сақтау үшін әкімшілік техникалық қонуды жүзеге асыратын ұшақтарға жанармай құюды тоқтата тұруға шешім қабылдады.


Алматы әуежайында авиациялық отын жетіспейді. Жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақтылығын сақтау үшін әкімшілік техникалық қонуды жүзеге асыратын ұшақтарға жанармай құюды тоқтата тұруға шешім қабылдады.

"Жергілікті, сондай-ақ импорттық отынның жетіспеушілігінен, тұрақты жолаушылар және коммерциялық жүк рейстерін тоқтата тұруды болдырмау үшін жеткізу проблемаларынан Халықаралық Алматы әуежайы жағдай жақсарғанға дейін техникалық қонумен рейстерді толтыруды тоқтатты", - деп хабарлады Алматы әуежайындағылар.

Еске салайық, үшінші маусымда Энергетика министрлігі кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне, әуекомпаниялар мен әуежайларға осы жылдың шілде айында Павлодар мұнай-химия зауытын жоспарлы жөндеу және әуе отынының жетпейтіні туралы алдын ала хабарлаған болатын.

Біраз уақыттан кейін республикадағы құзыретті органдар жанармай тапшылығына байланысты рейстерді тоқтата тұру қаупінің жоқтығын мәлімдеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel